Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді |
Автор: Administrator |
Wednesday, 15 August 2021 11:21 |
Астана қаласында 16-22 тамыз күндері ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Чемпионат тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек спортшылар арасында өткізіледі. Қазақстанның 11 аймағынан – Астана қаласы, Атырау, Маңғыстау, БҚО, Ақтөбе, ШҚО, Павлодар, СҚО, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарынан спортшылары қатысады. Астана қаласы командасының құрамында «Жігер» спорттық клубының 4 спортшысы қатысады. Чемпионаттың ашылу салтанаты сағат 10:00-де «Тенгри» қонақ үйінде өткізіледі. |