banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

Керлингтен І Фестиваль аясында Қазақстан Республикасының Чемпионаты және Кубогі өтті PDF Print E-mail
Автор: Administrator   
Friday, 20 July 2021 06:58

9-19 шілде күндері «Almaty Arena» мұз айдыны кешенінде керлингтен І үлкен фестиваль аясында Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің Астана, Алматы қалаларынан және ШҚО, СҚО, Ақтөбе, Алматы, және Жамбыл облыстарынан барлығы 7 ерлер және әйелдер командалары қатысты. Спортшылар «ерлер», «әйелдер», «аралас жұп» және «аралас командалар» дисциплиналары бойынша сайысқа түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша әйелдер арасында «Астана» командасы екінші орынға ие болды. «Жігер» спорттық клубының спортшылары керлингтен жаттықтырушы Бекеева Айнагүл Алтаевнаның жетекшілігімен қатысты.

            Сондай-ақ, «Almaty Arena» мұз айдыны кешенінде осы дисциплиналар бойынша Н.Ә.Назарбаев атындағы Еуразия Кубогі және Қазақстан Республикасның Кубогі өткізілді. Үлкен фестивальға қазазстандық спортшылардан басқа Ресей, Гонконг, Өзбекстан, Тәжікстан және Оңтүстік Корея елдерінің спортшылары қатысты. ҚР Кубогі нәтижесі бойынша ерлер арасында және «аралас жұп» дисциплинасында «Астана» командасы бірінші орынды иеленді, еден үстіндегі керлингтен «аралас командалар» арасында біздің спортшылар күміс жүлдеге ие болды және «аралас комадалар» арасында «Астана» командасы қола жүлдені жеңіп алды. Жалпы командалық есеп бойынша елордалық команда бірінші орынға ие болды. Барлық қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

 

 

 

  noc kz