Мүгедек-спортшылар арасында сомдалудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті |
|
|
|
Автор: Administrator
|
Wednesday, 02 May 2022 11:16 |
Петропавл қаласында 25-30 сәуір аралығында сомдалу спортынан тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің аймақтарынан 90-нан астам спортшы қатысты. Чемпионат ерлер, әйелдер және юниорлар арасында өткізілді. «Жігер» спорттық клубынан сомдалудан жаттықтырушы Руденко Евгений Владимировичтің жетекшілігімен 7 спортшы қатысты.Мукашев Раим және Ауезова Мария (Спорт шебері нормативін орындады) жарыс чемпиондары атанды, Кабулов Асхат, Аушамов Серикбай және Каликова Елена күміс медальдар жеңіп алды, Есенов Ербол чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды. Барлық жеңмпаздар мен жүлдегерлерді жетістіктерімен құттықтаймыз!
|