Құзға өрмелеуден Қазақстан Республикасының Чемпионаты |
|
|
|
Автор: Administrator
|
Wednesday, 18 April 2022 03:36 |
Алматы қаласында 9-16 сәуір күндері аралығында құзға өрмелеу спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Еліміздің 8 аймағынан 90-нан астам спортшылар қатысты. Жарыстар қиындық, жылдамдық, боулдеринг және көп сайыс дисциплиналары бойынша өткізілді. Жылдамдық дисциплинасы бойынша ерлер арасында Маймуратов Амир бірінші орынға ие болды және көп сайыстан қола жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында Марленова Асель жылдамдыққа өрмелеуден чемпион атанды және көпсайыстан күміс медальға ие болды. Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
|