Антикоррупция |
Автор: Administrator |
Saturday, 05 January 2022 08:04 |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Мәдениетті парасаттылық идеологиясы арқылы қалыптастыру» тақырыбына кеңес Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жігер" спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы А.М. Хамзин бастаған, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі Айнұр Абдрашовамен және "ЖАҢАРУ" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы" РҚБ төрағасының орынбасары - Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директорымен бірлесіп Рахметуллин Даулеткерей Рахметоллаұлы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Мәдениетті парасаттылық идеологиясы арқылы қалыптастыру" тақырыбында 2019 жылы 30 қазанда сағат 10.00-де «Астана» спорт кешенінің акт залында кеңес өткізді. Абдрашова Айнұр ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан үш жаңа Департамент құрылғанын атап өтті: превенция департаменті, парасаттылық департаменті, серіктестік департаменті. Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізумен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаумен және оларды кейіннен жоюмен айналысады, әкімшілік кедергілер мен бюрократиялық рәсімдерді қысқарту бойынша кешенді жұмыстарды жүзеге асырады. Парасаттылық Департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру контексінде және мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылда тиісті идеологияны ілгерілетуде жұмыс істейді. Жоба драйвері «Адалдық алаңы» болып табылады, оның аясында "Protecting business and investments, «Саналы ұрпақ» бағыттары іске асырылуда. «Адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және әлеуметтік маңызды салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою болып табылады. Серіктестік департаменті қызметінің негізгі бағыттарын жариялау бөлігінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктің ақпараттық имидждік саясатын іске асырады, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта Агенттіктің қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Рахматуллин Даулеткерей Рахметоллаұлы нөлдік төзімділікке түсінік берді,бұл азаматтардың теріс реакциясын немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен келіспей қалуын білдіреді. Жеке тәжірибесінде сыбайлас жемқорлықты жою парасаттылықтың жетілген қоғамдық мәдениеті болған жағдайда ғана мүмкін екендігін, бұл ауқымды ағартуды, қоғамда сенім атмосферасын құруды, Заңның рухы мен әрпін құрметтеуді бекітуді талап етеді. Кеңеске Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жігер" спорт клубы" КММ 50-ден астам қызметкерлері қатысты.
|
Last Updated on Thursday, 16 July 2021 05:58 |