«Жігер» спорттық клубының 9 спортшысы ІІІ Пара Азия ойындарына қатысады |
Автор: Administrator |
Tuesday, 25 September 2021 13:20 |
Индонезияның астанасы Джакарта қаласында 6-13 қазан аралығында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында III Пара Азия ойындары өтеді. Астана қаласының намысын «Жігер» спорттық клубының тірек-қимыл аппараты және есту мүшелері зақымданған спортшылар қорғайтын болады. Халықаралық жарыста елордалық 9 спортшы спорттың төрт түрінен сайысқа түседі: Жеңіл атлетика - Болат Бейбарыс, (ТҚАЗ). Жеңіл атлетикадан жаттықтырушы - Латышенко Любовь Васильевна жеңіл атлетикадан спорт шебері, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы. Жүзу — Далиев Сиязбек (ТҚАЗ), Сутпаева Диана (көру), Уақпаев Әлібек (көру), Ахметов Ануар (көру), Елдекенов Ерлан (көру). Жаттықтырушы – Загородний Владимир Кириллович жүзуден ҚР еңбек сіңірген жаттытырушысы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы; Сомдалу — Әуезова Мария (ТҚАЗ). Жаттықтырушы - Руденко Евгений Владимирович сомдалудан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы; Дзюдо — Арыстанбеков Бауыржан (көру), Шамей Ерғали (көру). Дзюдодан жаттықтырушы – Оразов Даурен Оразович. Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
|
Last Updated on Monday, 08 October 2021 11:17 |