banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

VI Халық ойындарында «Жігер» спортшылары спорттың 3 түрінен қатысады PDF Print E-mail
Автор: Administrator   
Thursday, 20 September 2021 11:46

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне арналған VI халық ойындары өтеді. Дәстүрлі жарыстар төрт жылда бір рет өткізіледі. Осы жылы халық ойындарына еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге жуық спортшылар қатысады. Астана қаласы «Жігер» спорттық клубының спортшылары келесі спорт түрлері бойынша сайысқа түсетін болады: гір тасын көтеру, қол күресі және ұлттық спорт түрі «Асық ату және бес асықтан».

Гір тасын көтеруден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абдахин Серік Нұрғалиұлының спортшылары – Сакипов Саян (63 кг), Ахмедов Назим (+95 кг) және Гирных Роман (85 кг) ал, қол күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, жаттықтыушы Ахмедов Заир Далимбековичтің спортшылары - Кенжебаев Жанибек (80 кг), Васильев Денис (90 кг) және Алпыспаев Талгатбек (100 кг)қатысады. Ұлттық спорт түрі асық атудан – Қайыпбеков Мырзамұрат, Жұмағұлов Әділхан және Молжігітов Нұрқанат, бес асықтан – Серікова Айжан, Жарылқасын Саягүл және Худайбердиева Ұлжалғас жүлделі орындар үшін сайысатын болады. Асық ату мен бес асықтан жаттықтырушылар – Рахметов Ескендір Серікұлы және Исламбеков Марат Калшабекович.

VI халық ойындары 21 қыркүйекте басталып 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Спортшыларымызға сәттілік пен тек алтын жүлде тілейміз!

 

 

  noc kz