banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық ұлы «Ұлы дала рухы» фестивалі PDF Print E-mail
Автор: Administrator   
Thursday, 13 September 2021 09:29

Асық атудан 12 қыркүйекте Астана қаласының «Дәулет» спорт комбинатында елордамыздың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала рухы» фестивалінің финалдық ойындары өтті. Ауқымды жарыс асық ату, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, тоғызқұмалақ, жамбы ату және қазақша күрес сынды ұлттық ойындардан өткізілуде.

17-19 тамыз күндері Қазақстанның 4 аймағында іріктеу ойындары өткізіліп, солтүстік аймағынан Астана қаласы, батыстан Ақтөбе қаласы, шығыс аймағынан ШҚО, оңтүстіктен Жамбыл облысы топ жарып, финалға жолдама алды. 12 қыркүйекте финалдық ойында Астана қаласындағы «Жігер» спорттық клубының спортшылары Буланбай Аслан, Мыңтөре Нұрбақыт, Асанқұл Нұрбек, Қуанова Аружан, Даниярова Камила жеңімпаз Жамбыл облысының командасынан тек 1 ұпайға артта қалып, күміс жүлдесіне ие болды. Ал, ШҚО командасының спортшылары фестивалдің қола жүлдегерлері атанды. Барлық жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтай отырып, келесі жарыстарда толағай табыстар тілейміз.

 

 

 

 

  noc kz