Ауыр атлетикадан ашық Республикалық Турнир |
Автор: Administrator |
Wednesday, 03 January 2022 16:28 |
Көкшетау қаласында қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.Ю. Пакты еске алуға арналған ашық Республикалық Турнир өтті. Турнир 23-28 желтоқсан күндері аралығында ардагерлер мен жастар арасында өткізілді. дәстүрлі ашық Турнирге Қазақстан (Астана, Көкшетау, Қостанай, Алматы, Қызылорда, Пертопавл және Ақмола обл.), Қырғызстан және Ресейден 300-ге жуық спортшы қатысты. Астана қаласының ауыр атлетикадан аға жаттықтырушысы Аманиязов Айбек Назарбаевичтің спортшылары 10 медаль жеңіп алды: 1 орын – Ошакпаев Дастан (77 кг), Кошкинбек Нурдаулет (77 кг), Каирлова Диана (69 кг); 2 орын – Емберди Едиге (56 кг), Оразбек Алтыншаш (58 кг), Темирбеков Бақдәулет (46 кг); 3 орын – Жумсакбаев Альтаир (85 кг), Торехан Улжан (58 кг), Сайлаубеков Дастан (69 кг), Шамбил Алтай (50 кг). Жеңістерңіз құтты болсын! |