2017 жылдың үздік жаттықтырушылары мен спортшылары |
![]() |
![]() |
![]() |
Автор: Administrator |
Wednesday, 27 December 2021 08:15 |
Бүгін 27 желтоқсан күні «Барыс» спорт кешенінде «Жігер» спорттық клубы, «№3 Олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» және «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» 2017 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау үшін іс-шара өткізді. Іс-шара Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Б. Маржикпаев, Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубының директоры А.М. Хамзин, Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің» басшысы Р.И.Калин және №3 ОРМБЖСМ басшысы М.И. Мустафиннің қатысуымен өтті. Іс-шарада «Жігер» спорттық клубының 15-24 желтоқсан күндері аралығында www.zhigerastana.kz сайытында өткізілген онлайн-дауыс берудің қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды. Жаттықтырушылар мен спортшылар келесі номинациялар бойынша марапатталды: 1. «Рухы мықты үздік спортшы» номинациясында Муратова Алия, 35%, 1 576 дауыс. Онлайн-дауыс беру жеңімпаздарын құттықтаймыз! |