Керлингтен IV қысқы Спартакиада және Республикалық жарыстар |
Автор: Administrator |
Tuesday, 26 December 2021 04:45 |
16-26 желтоқсан күндері Almaty Arena мұз айдыны сарайында керлингтен IV қысқы Спартакиада өтті. Жарысқа барлығы Қазақстанның 9 аймағынан 9 команда қатысты, олар: Астана, Алматы қалалары және Алматы, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазаөқстан, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола және Маңғыстау облыстары. Сайыстар 4 дисциплина бойынша ерлер, әйелдер, аралас жұп және аралас командалар арасында өткізілді. Спартакиада нәтижелері бойынша «Астана» командасы аралас жұп арасында чемпиона атанды және әйелдер арасында жүлделі үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Спартакиада ойындарымен қатар Қазақстан Республикасының Чемпионаты, Қазақстан Республикасының Кубогі және Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты өтті. Чемпионатта «Астана» командасы ерлер және аралас жұптар арасында бірінші орындарға ие болды. Қазақстан Республикасының Кубогінде астаналық спортышалр әйелдер арасында күміс жүлде иегерлері атанды. Еденүсті керлингінен ашық Чемпионатта аралас командалар дисциплинасынан Астана спортшылары бірінші орынды иеленді. Керлингтен жаттықтырушы Бекеева Айнагүл Алтаевнаны және спортшыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! |