Арбамен билеу спортынан Әлем Чемпионаты |
|
|
|
Автор: Administrator
|
Wednesday, 25 October 2021 04:01 |
Ағымдағы жылдың 21-22 қазан күндері Бельгия елінің Малле қаласында арбамен билеу спортынан Әлем Чемпионаты өтті. Чемпионатқа Әлемнің 22 мемлекетінен спортшылар қатысты. Қазастан Республикасынан тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында 4 спортшы қатысты. Сайыстарда «Жігер» спорттық клубының спортшылары үлкен нәтижелер көрсетті, әйелдер арасында Тыныбекова Қарлығаш «Фристайл класс 1» категориясы бойынша Әлем чемпионы атанды, ерлер арасында «Сингл класс 1» категориясынан Оторбаев Ардақ екінші орынға ие болды, Оторбаев Ардак пен Тыныбекова Қарлыгаш «Дуо стандарт класс 1» сайсында күміс жүлде иегерлері атанды, «Комби стандарт класс 1» және «Комби фристайл класс 1» категорялары бойынша Оторбаев Ардақ пен Бельгенова Айдана қола медальдарға ие болды. Осындай жетістіктерімен спортшыларымызды және арбамен билеу спортынан жаттықтырушы Тусупбекова Алия Майдановнаны құттықтаймыз!
|