Сомдалудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты |
|
|
|
Автор: Administrator
|
Tuesday, 17 October 2021 09:02 |
Қостанай қаласында 2017 жылы 1-8 қазан күндері сомдалу және штанганы жатып сығымдаудан ерлер, әйелдер, жасөспірімдер, юниорлар және қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарысқа «Жігер» спорттық клубынан сомдалудан жаттықтырушы Рыбка Денис және 10 спортшы қатысты. Рыбка Денис 105 салмақ дәрежесінде қатысып штанганы жатып сығымдаудан 207,5 кг нәтижесімен екінші орынға, сомдалудан 722,5 кг нәтижесімен үшінші орынға ие болды. Спортшылар арасында сомдалудан Сункар Альфараби +120 кг салмақ дәрежесінде юниорлар арасында 700 кг нәтижесімен чемпион атанды, 66 кг салмақ дәрежесінде Салмен Азат 572,5 кг нәтижесімен күміс жүлде иегері атанды және осы салмақ дәрежесінде Жургумбеков Рустем 510 кг салмақ нәтижесімен қола жүлдені жеңіп алды. Штанганы жатып сығымдау бойынша Салмен Азат бірінші орын, Егорин Сергей мен Милованова Любовь үшінші орын иегерлері атанды. Сомдалудан аға жаттықтырушы Руденко Евгений Владимировичты және спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
|