Бодибилдингтен ХХХ Ашық Қазақстан Республикасының Чемпионаты |
|
|
|
Автор: Administrator
|
Monday, 02 October 2021 11:56 |
Алматы қаласында 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында бодибилдингтен, классикалық бодибилдингтен, фитнестен, бодифитнестен, фитнес бикиниден, менс-физик, вуман-физик және велнес фитнестен ХХХ Ашық Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Чемпионат барлық жас ерекшеліктері бойынша өткізілді. Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарының спортшылары қатысты. «Жігер» спорттық клубынан 7 спортшы қатысты. Шеремет Александр жасөспірімдер арасында «АБС» салмақ дәрежесінде және бодибилдингтен сондай-ақ, ерлер арасында бодибилдингтен алтын медальдар жеңіп алды, Тасымов Тамерлан жасөспірімдер және ересектер арасында менс-фитнестен бірінші орындар иегері атанды, фитнестен Махамбетова Динара, велнес бикиниден Чернышева Виктория жарыс чемпинонадары атанды, менс-фитнестан Калупай Максим үшінші орынды иеленді және бикини фитнестан Хроменкова Кристина күміс жүлдегер атанды. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы командасы жалпы командалық 3 орынға ие болды.
|