Спартакиада жүлдегерлері мен қатысушыларын қарсы алды |
Автор: Administrator |
Friday, 22 September 2021 02:41 |
20 қыркүйек күні елорда аэропорты және «Нұрлы жол» вокзалында Атырау қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының мүгедек-спортшылар арасындағы Спартакиада жүлдегерлері мен қатысушыларын «Жігер» спорттық клубының қызметкерлері, жаттықтырушылары және спортшылары қарсы алды. Спартакиада ағымдағы жылдың 13-24 қыркүйек күндері аралығында Атырау қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған (ТҚАЗ) және көру мүшелері зақымданған мүгедек-спортшылар арасында өтуде. Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубы» спортшылары спорттың 10 түрінен қатысуда. 13-19 қыркүйек күндері жеңіл атлетика, сомдалу және волейбол спорт түрлерінен өтті. Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар жеңіл атлетикадан барлығы 17 медаль жеңіп алды оның ішінде 7 алтын, 5 күміс, 5 қола, сомдалудан 1 алтын медаль мен 1 күміс медаль иегерлері бар. 19-24 қыркүйек күндері үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жетістіктерімен құттықтаймыз және қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз! |