Асық атудан Астана қаласының Чемпионаты |
Автор: Administrator |
Thursday, 31 August 2021 13:11 |
30 тамыз күні астана қаласының «Этно ауыл» ұлттық-мәдени кешенінде Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған асық атудан жасөспірімдер, қыздар, ерлер және әйелдер арасында Астана қаласының Чемпионаты өтті. Жарысқа 55-тен астам спортшылармен қатар қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. «Жігер» спорттық клуб спортшылары да чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ерлер арасында 17-29 жас дәрежесінде: 1 орын – Жұмағұлов Есен; 2 орын – Бұланбай Аслан; 3 орын – Мыңтөре Нұрбақыт. Қыздар және әйелдер арасында 17-29 жас дәрежесінде: 1 орын – Қуанова Аружан; 2 орын – Бекмахан Жайна; 3 орын – Смағұл Азиза. 30-39 жас дәрежесінде: 1 орын – Серікова Айжан; 2 орын – Ходжаева Гулмаржан. 40 жастан жоғары: 1 орын – Ходжаниязова Анаргүл. |