Отырып ойнау волейболынан Ашық Біріншілік |
Автор: Administrator |
Friday, 18 August 2021 11:14 |
Қостанай облысы Рудный қаласында мүгедек спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан Қостанай облысының Ашық Біріншілігі өтті. Біріншілік 14-15 тамыз күндері өткізілді, жарысқа Қарағанды, Астана, Қостанай қалаларынан және Қостанай облысынан 12 команда қатысты. «Жігер» спорттық клубының командасы отырып ойнау волейболынан жаттықтырушы Башенеев Азамат Әділбекұлының жетекшілігімен қатысты. «Жігер» командасы жарыстың қола жүлдегері атанды. Жаттықтырушы мен спортшыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! |