ТМД елдері Ұлттық спорт түрлерінің І Халықаралық фестивалі |
Автор: Administrator |
Wednesday, 16 August 2021 10:51 |
Тамыздың 13-16 күндері аралығында РФ-ның Ульяновск облысында ТМД елдері Ұлттық спорт түрлерінің І халықаралық фестивалі өтті. Жарысқа 10 елден 350-ден астам спортшы қатысты. Қатысушылар спорттың 10 түрінен сынға түсті - арқан тарту, самбо, белбеу күресі, гір тасын көтеру, садақпен оқ ату, допты хоккей, мас-рестлинг, дойбы, қалашық (городки) спорты және лапта. Сонымен қатар, Фестиваль бағдарламасында солтүстік көпсайыс, күрес және ұлттық спорт түрлері бойынша қойылым көрсетілімдері болды. Фестивальға ТМД-ның10 мемлекетінен келген командалар қатысты, олар - Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Молдова, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан. Қазақстандық120-дан астам спортшы спорттың барлық түрі бойынша қатысты. Жарысқа 68 кг дейінгі салмақ дәрежесінде гір тасын көтеру спортынан жаттықтырушы Абдахин Серік Нұрғалиұлы қатысып, 24 келілік гір тасын 88 рет серпе, 163 рет жұлқа көтеріп, қола жүлдегер атанды, сонымен қатар, «Жігер» спорттық клубының асық атудан жаттықтырушысы Исламбеков Марат Қалшыбекұлы ұлттық спорт түрлері «Асық атудан» және «Бес асықтан» қойылым көрсетілімдеріне қатысты. |