Бүркітші спортынан Астана қаласының Чемпионаты |
![]() |
![]() |
![]() |
Автор: Administrator |
Monday, 24 July 2021 11:32 |
2017 жылы 22 шілде күні Софиевка ауылында ұлттық спорт түрі бүркітшіден Астана қаласының Чемпионаты өтті. Жарысқа ересектер және жасөспірімдер арасында барлығы 14 бүркітші қатысты. Ересектер арасында бірінші орынға Байдолда Серікбол ие болды, екінші орын иегері Тоқтыбақ Жайдарбек атанды және Хабай Жақсыбек жарыстың қола жүлдегері болды. Жасөспірімдер арасында: Серікбек Ерасыл жарыс жеңімпазы атанды, екінші орынды Күнтуған Диас иеленді және Арманбек Аяжан қола жүлдені жеңіп алды. Бүркітші спортынан жаттықтырушы Күнтуған Арманбекті және спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз! |