Жүзуден Германияның ашық Чемпионаты |
|
|
|
Автор: Administrator
|
Tuesday, 11 July 2021 14:29 |
Берлин қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жүзуден Германияның ашық Чемпионаты өтті. Қазақстан құрама командасынан 9 спортшы, олардың ішінде екі спортшы «Жігер» спорттық клубынан қатысып, Чемпионат жеңімпазы мен жүлдегерлері болды. Ахметов Ануар 100 метрлік брасс дистанциясында 1:10,00 нәтижесімен чемпион атанды, сондай-ақ 100 метрлік еркін стиль дистанциясында екінші орынға және 100 метрлік шалқалап жүзу бойынша және 50 метрлік еркін стиль дистанциялары бойынша үшінші орынға ие болды. Далиев Сиязбек 50 метрлік баттерфляй (00:37,60) және 50 метрлік шалқалап жүзу (00:44,54) дистанцияларында қола жүлдегер атанды.
|