Асық атудан «Алтын сақа» Халықаралық турнирі |
|
|
|
Автор: Administrator
|
Wednesday, 05 July 2022 05:41 |
2017 жылдың 2-4 шілде күндері Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде асық атудан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Алтын сақа» халықаралық турнирі өткізілді. Жыл сайын өткізілетін Турнирге Қырғызстан, Монғолия және Қытай спортшылары келді. Сонымен қатар Алматы, Астана қалалары мен Ақмола, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, ОҚО және Жамбыл облыстарының спортшылары қатысты. Ерлер арасында 13 команда, қыздар арасында 8 команда болды. Астана қаласы атынан «Қазақстан», «Астана» және «Жігер» командалары қатысты. Ерлер арасында құрамында Жұмағұл Әділхан мен Қайыпбеков Мырзамұрат ойнаған «Қазақстан» командасы бірінші орынға ие болды. Қыздар арасында құрамында Жарылқасын Саягүл, Раманкулова Гүлжан және Ходжаниязова Анаргүл ойнаған «Астана» командасы жеңімпаз атанды және құрамында Бекмахан Жайна, Даниярова Камила және Серікова Айжан ойнаған «Жігер» командасы үшінші орынды иеленді.
|