Нашақорлыққа жол жоқ! Спортқа «Сәлем!» дейміз |
Автор: Administrator |
Tuesday, 20 June 2022 05:03 |
17-18 маусым күндері астаналық «Президенттік» және «Ататүрік» саябақтарында «Жігер» спорттық клубының жаттықтырушылары асық ату мен қол күресінен жарыстар өткізді. Жарыс Нашақорлыққа жол жоқ! Спортқа «Сәлем!» - ұранмен қала тұрғындары арасында өтті. Қол күресінен жарыс 70 кг дейінгі және 70 кг жоғары екі салмақ дәрежесі бойынша, асық атудан ересектер және балалар арасында өткізілді. Жарыста барлығы 80-нен астам қатысушы болды. Ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы сыйлықтармен марапаттады. Өткізілген жарыс ұйымдастырушылары Астана қаласы дене шынықтыру және спорт Басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубы. |