«Жігер» альпинисттері Европаның ең биік шыңын бағындырды |
Автор: Administrator |
Monday, 19 June 2022 09:19 |
«Жігер» спорттық клубының альпинисттері Әлемнің ең биік шыңдарының бірі – Эльбрус шыңын бағындырды. Тау шыңына шығу «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық Мамандандырылған көрмесіне арналған. Тау шыңына спортшылар ағымдағы жылдың 2-16 маусым күндері аралығында, альпинизм спортынан жаттықтырушы Беляков Сергей Анатольевич, «Жігер» спорттық клубы директорының орынбасары Сейтмағамбетов Қуаныш Ғабитұлы және 4 спортшы шықты. Эльбрус – Үлкен Кавказ тау жүйесінің солтүстік бөлігінде орналасқан Европаның ең биік тау шыңы. Эльбрус биіктігі теңіз деңгейінен санағанда 5642 метрді құрайды. |