Нашақорлыққа жол жоқ! Спортқа «Сәлем!» дейміз |
Автор: Administrator |
Monday, 12 June 2022 21:56 |
Нашақорлыққа жол жоқ! Спортқа «Сәлем!» дейміз – осындай ұранмен өткен демалыс күндері Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Жігер» спорттық клубы қала тұрғындары арасында спорттық жарыстар өткізді. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты балалар мен жастар арасында салауатты өмір салты мен спортты насихаттау болып табылады. Жарыстар қол күресі мен ұлттық спорт түрі «Асық атудан», «Студенттік» саябағында және «Отан қорғаушылар» алаңында өтті. Қол күресінен жарыс 70 кг дейінгі және 70 кг жоғары екі салмақ дәрежесі бойынша, асық атудан ересектер және балалар арасында өткізілді. Жарыста барлығы 80-нен астам қатысушы болды. Ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы сыйлықтармен марапаттады. |