Қазақстан Республикасының Рәміздер күні |
![]() |
![]() |
![]() |
Автор: Administrator |
Tuesday, 06 June 2022 05:03 |
Ағымдағы жылдың 4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне байланысты көптеген игі іс-шаралар өткізілді. Соның бірі Астана қаласындағы «Студенттер саябағында» қала тұрғындарыарасында әуесқой ойындар жарысы еді. Аталмыш жарысты Астана қаласы әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған болатын. Жарыс айтарлықтай қызықты өтті. Өйткені, жарыстар спорттық ойынның Асық ату, гір тасын көтеру және қол күресі бойынша өткізілді. Жарыс барысында арнайы төрешілер алқасы жасақталды, олар «Жігер» спорт клубының жаттықтырушылары арасынан ұйымдастырылды. Күні бойы тартысты өткен бұл жарыстар белгіленген уақыт ішінде өз мәресіне жетті. Жарыстар қорытындысы шығарылған сәтте әрбір ойын түрлерінен жеңімпаздар анықталды. Жүлделі орын алған споршылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. |