Таеквондодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты |
![]() |
![]() |
![]() |
Автор: Administrator |
Tuesday, 06 June 2022 04:59 |
Ағымдағы жылдың 3-4 маусым күндері Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде таеквондодан балалар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылардың ішінде қарсыластарымен теке-тіресе күш сынасатын «Жігер» спортшылары да болды. Жас таеквондошы Савеновский Богдан бұған дейін де бірнеше жарыстарға қатысып, мерейін үстем еткен еді. Сондықтан, айтулы чемпионатта оның жүлдесіз қалуы үлкен сын екені белгілі. Жігерін жани отырып, ол осы чемпионатта бар күшімен сынға түсті. Қарсыластарының бірін ұтып, біріне есе жіберіп алған Богдан чемпионат қорытындысында жүлделі үшінші орынға ие болды.
|