Балаларға – базарлық |
Автор: Administrator |
Thursday, 01 June 2022 12:17 |
Елімізде жыл сайын 1 Маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде атап өтеді. Осыған орай, балалар мекемелерінде жас сәбилер үшін игілікті іс-шаралар жасалып жатады. Бүгінгі күні сондай игі істердің бірін Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұжымы «Жігер» спорттық клубымен бірлесіп қолға алды. Алдымен мекеме басшысы А.Хамзин бастаған бір топ азаматтар ойын балаларына арнап біраз тәттілер толы қораптарын жеткізді. Мұндай лайықты істі олар Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» балаларына жасады. Осылайша балалар мекемесіне аталмыш мерекеге орай саяхат жасаған «Жігер» спорттық клубының ұжымы бала үні мен балғын күлкіге кенеліп, көңілдерін бір көтеріп қайтты. |