Қол күрестіру спортынан жаттықтырушы З.Д. Ахмедовпен сұхбат |
Автор: Administrator |
Thursday, 10 March 2022 11:19 |
- Заир Далимбекұлы, сіз қол күрестірумен қашан айналыса бастадыңыз? Қол күрестірумен 14 жасымнан бастап айналысамын.Ағаммен бірге қол күрестіру залына барып, сол уақыттан бастап қол күрестіруді ұнаттым. - Қандай спорттық жетістіктеріңізге мақтан тұтасыз? Мен үш дүркін әлем чемпионымын. Кәсіпқойлар арасындағы Әлем Кубогінің иегері,бір дүркін Азия Чемпионы және Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы атақтарына иелендім. - Спорттық жарақаттарыңыз болды ма? Қол күрестіруде жарақат алмау мүмкін емес, уақыт өте біз жарақат алмауға тырысамыз. - Жарыстар алдында психологиялық кедергілерді қалай жеңесіз? Кімде-кім жарыстар алдында толқымауға үйренсе, мен оған сенбеймін. Қандай да бір жетістіктеріне қарамастан мұндай кедергі барлығында кездеседі. Кейбір адамдар өзін-өзі ұстай алады, ал кейбіреуінебіраз уақыт керек. - Сіз қалай жаттықтырушы болдыңыз? Қандай ынталармен бірнеше жылдарбойы жаттықтырушы қызметін атқарыпкелесіз? Мен алғашқы жаттықтыру тәжірибемдіЖамбыл облысы Қаратау қаласында 18 жастан бастадым.Сол кезде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында оқыдым. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алдым. Балалар және жасөспірімдер спорттық мектебінде қызмет атқардым. Жаттықтырушының қызметі өте қиын, бірақ жұмыстың жемісін көрсеңіз,жұмыс өте қызык. Бір-екі жылдан кейін спортшыларымныңжаттықтыру сабақтарында өзгергенін көріп қуанамын. - «Жігер» спорттық клубында қай жылдан бері қызмет атқарасыз? «Жігер» спорттық клубында 2012 жылдан бастап жаттықтырушымын. - «Жігер» спорттық клубында не ұнайды? Маған «Жігер» спорттық клубында жұмыс істеу ұнайды. Бірақ-та,БЖСМ және ЖСШМ-да сияқты бізде Чемпиондарды тәрбиелеп, жетістіктерге жетіп жалақымызға қосымша пайыздар алмаймыз. - Жалқау адамдарды жаттықтырдыңыз ба? Жалқаулар ұзақ уақыт жүрмейді. Өйткені, жеңіске жету үшін еңбек ету керек. - Сіз оқушыларыңызды қалай ынтыландырасыз? Қолкүрес, ол күш, күш не береді? Күш өз-өзіңе сенімділік береді, адамның мінезі қалыптасады. Сонымен қатар, жетістікке жеткен адам өзіне сенімді болады. -Адамдар спортпен айналысуға өз үшін келеді ме, әлде олардың ішінде болашақ чемпиондар бар ма? Әр адам өз ішінде «чемпион».Әрадамның өзінің мінезіне, мақсатына байланысты біреуге аз уақыт, біреуге көп уақыт керек. -Бос уақытыңызда немен айналысасыз? Бос уақыт жоқ деуге болады, егер бола қалса, тыныш жерде отырып ойланар едім. - Қазақстандық қолкүресінің дамуы туралы не ойлайсыз? Қазір біздің қол күрестіру спорты өте жақсы деңгейде, бірақ көпшілікке кедергі болып отырған қаржыландыру мәселесі. Жігіттеріміз жеңіске жетіп, одан әрі биік белестер бағындырғылары келеді. Ол үшін көп уақыт, еңбек және шыдамдылық керек. - Жеңімпаз команданы дайындадыңыз ба? Құпияларыңыз бар ма? Аллаға шүкір командамыз жақсы, бірақ та бұдан да жоғары деңгейге көтерілу мақсатымыз. Мен өз командама сенемін!
|
Last Updated on Friday, 11 March 2022 04:13 |