ҚҰРМЕТТІ САЙТ ОҚЫРМАНДАРЫ!
Біздің Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында: «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты» деп елімізде спорт саласын өркендетуді басты назарға алған болатын. Сонымен бірге, «Қазақстан-2050» стратегиясында Бізге қойылған басты міндеттердің бірі - 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен шұғылданушы халықтың санын 30 пайызға дейін жеткізу, бұл болашақ дені сау ұрпақтың, яғни еліміздің стратегиялық дамуын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, біздің мекеме алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында елордамыз Астана қаласында жастар арасында спортпен щұғылданушылар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дамыту жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі таңда біз ақпараттық желілер арқылы әр уақытта кез келген мекеменің атқарып отырған жұмыстары жөнінде ақпарат алуға шексіз мүмкіндіктер бар. Сондықтан, Сіздерді осы ресми парақша арқылы қаламызда өтіп жатқан спорттық-мәдени іс-шаралардың аңдатпалары мен нәтижелерін дер кезінде көріп қана қоймай, басқа да қызықты мәліметтер ала аласыздар!
Сіздерді Біздің парақшамыздан көруге қуаныштымыз, дендеріңізге саулық, бақыт, қадамдарыңызға сәттілік, еліміз аман, Отанымыз тыныш, Елордамыздың мәртебесі биік болсын!
Құрметпен, Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубының директоры Сайранбек Ербатырұлы
|