13 шілде - Ұлттық аза күту күні |
|
|
|
Written by
|
Monday, 13 July 2021 08:13 |
Бүгінде бүкіл ел коронавирустық пандемия құрбаны болған қазақстандықтар үшін қайғырады. 13 шілде, Президенттің шешімімен - Ұлттық аза күту күні. Түн ортасында бүкіл республика бойынша, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарында мемлекеттік тулар төмендетілді. Аза тұту күні ойын-сауық шаралары тоқтатылады, республикалық телеарналардың эфирінде ойын-сауық бағдарламалары көрсетілмейді. Бүгін мешіттерде еске алу дұғасын оқиды. Шіркеулерде құдайға құлшылық ету мен еске алу қызметтері өтеді. Айта кетейік, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда ұлттық аза тұту тоғыз рет жарияланды. Жалпы ұлттық аза тұту күні коронавирус пандемиясының құрбаны болған қазақстандықтар үшін Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де бүкіл ел бойынша бір минут үнсіздік жарияланатын болады.
|