banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

«Жастар» жылы аясында керлингтен жарыс өтті PDF Print Email
Written by   
Thursday, 04 April 2022 04:14

Нұр-Сұлтан қаласы «Алау» Мұзайдыны сарайында 31 наурызда «Жастар» жылы аясында керлинг спорт түрінен «Жігер» спорттық клубы қызметкерлері мен спорт бөлімдері арасында жарыс өткізілді. Жарысқа экстрималды, күштік, жекпе-жек, ұлттық спорт түрлері және әкімшілік-басқарушы қызметкерлері арасында құрылған командалар қатысты. 4 адамнан құралған 4 команда қатысушылары тартысты сайыс өткізді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубының ұйымдастыруымен өткен жарыс жоғары деңгейде өткізілді. «Спорт-денсаулық кепілі!» осы ұранды назарға аударған жарысқа қатысушылар салауатты өмір салтын қалыптастыруға күш салды. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды «Туристы» командасы, 2 орынды «Скалолазы» командасы және 3 орынды «Девчата АУП» командасы жеңіп алды.

Сонымен қатар, «Жастар» жылы аясында құзға өрмелеу спортынан жарыс және туристтік жорық өткізу жоспарланып отыр.

«Жігер» спорттық клубының ұжымы атынан турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырып және өткізуге, қолдау көрсеткені үшін керлинг спортынан жаттықтрушы Бекеева Айнагүл Алтаевнаға және барлық спортшыларға алғыс білдіреміз!

 

 

 

   noc kz