Гір тасын көтеруден Астана қаласының Чемпионаты |
Автор: Administrator |
Tuesday, 22 January 2022 12:28 |
«Алатау» спорт сарайында 19-20 қайтар күндері гір тасын көтеруден ересектер, жастар және қыздар арасында Астана қаласының Чемпионаты өтті. Жарысқа елордалық 40-тан астам спортшылар қатысты. «Жігер» спорттық клубының спортшылары 8 алтын және 6 күміс жүлделерге ие болды. Ересектер арасында Ахметов Назим (+95 кг), Гирных Роман (85 кг) және Кожыбеков Аскар (95 кг) жеңімпаз атанды, күміс жүлдеге - Ахметов Ерлан (95 кг), Ныгметов Канат (78 кг), Маненов Жаныбек (63 кг), Шарипбекұлы Қуаныш (85 кг), Токтарбек Улан (68 кг), Куанбаев Дамир (73 кг) ие болды. Жастар арасында Тлебалдиев Темир (73 кг), Женисханұлы Ақжол (85 кг) және Нуршиев Самат (+95 кг) бірінші орынды иеленді, қыздар арасында 68 кг салмақ дәрежесінде Зупар Ақмарал және +68 кг салмақ дәрежесінде Самарина Татьяна жарыс чемпиондары атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
|