banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

«Жігер» спорттық клубының спортшысы гір спортынан Қазақстан рекордын орнатты PDF Print E-mail
Автор: Administrator   
Sunday, 09 December 2021 14:15

Өскемен қаласында 5-7 желтоқсан күндері гір спортынан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 80-ге жуық спортшылар қатысты. «Жігер» спорттық клубынан 5 спортшы қатысып, 2 алтын және 2 күміс медальдар жеңіп алды. +68 келі салмақ дәрежесінде Зупар Ақмарал жұлқа көтеруден 24 келі гір тасын 136 рет көтеріп, Қазақстан рекордын орнатты және «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын орындады. Біздің тағы бір спортшымыз Кузнецова Светлана «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атағын орындап, күміс жүлде иегері атанды. Ерлер арасында 63 келі салмақ дәрежесінде Сакипов Саян чемпион атанды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, гір тасын көтеруден жаттықтырушы Абдахин Серік Нұрғалиұлы екінші орынға ие болды. Жеңімпаздарды үздік нәтижелерімен құттықтаймыз!

 

 

 

 

  noc kz