Әлем Чемпионатында 2 алтын жүлде! |
|
|
|
Автор: Administrator
|
Tuesday, 23 October 2021 12:01 |
Түркия елінің Анталия қаласында 12-21 қазан күндері қол күресінен Әлем Чемпионаты өтті. Чемпионатқа Әлемнің 46 елінен 1200-ден астам спортшылар қатысты. «Жігер» спорттық клубының спортшысы Алимжанов Еркін 75 келі салмақ дәрежесінде ардагерлер арасында оң қолмен және сол қолмен алтын жүлдесіне ие болып, Әлем чемпионатында екі мәрте чемпион атанды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы жастар арасында жалпы командалық есепте бірінші орынды, ересектер арасында екінші орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!
|