Асық атудан Астана қаласының жастар арасындағы ашық чемпионаты және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Республикалық турнир өтті |
Автор: Administrator |
Tuesday, 23 October 2021 11:55 |
20 қазанда Астана қаласының №18 орта мектебінде асық атудан Астана қаласының жастар арасындағы ашық чемпионаты және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Республикалық турнир өтті. Чемпионатқа 56 спортшы, мүмкуіндігі шектеулі 22 спортшы қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша Астана қаласының «Жігер» спорттық клубының спортшылары жүлделі орындардың көбін жеңіп, чемпион атанды: Жастар арасында асық атудан: «Астана» командасы – 1 орын
«Жігер» командасы – 2 орын
Бес асықтан: «Астана» командасы – 1 орын
№18 орта мектеп – 3 орын
Мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында асық атудан Болат Ермахан күміс жүлдесін иеленсе, Қайролла Ануар қола жүлденсіне ие болды. Бес асықтан Мадетхан Назерке қола жүлдегері атанды. Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз және толағай табыстар тілейміз!
|
Last Updated on Tuesday, 23 October 2021 11:59 |