Сомдалудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты аяқталды |
Автор: Administrator |
Monday, 08 October 2021 11:43 |
2018 жылы қазан айының 1-8 дейін Теміртау қаласында өткен классикалық сомдалудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионатта мемлекетіміздің әр облыстарынан жүзден аса спортшылар қатысып, күш сынасты. Жарыстың нәтижесі бойынша Астана қаласының «Жігер» спорттық клубының спортшысы 120 келіге дейін салмақ дәрежесінде Руденко Никита және 57 келіге дейін Сункар Гүлмира алтын медальға ие болып, Әлем Чемпионатына жолдама алды. 93 келіге дейін салмақ дәрежесінде Радченко Дмитрий және +120 келі салмақ дәрежесінде Сункар Альфараби күміс жүлде иегерлері атанды. Қола медалінің иегерлері болып, 66 келіге дейін салмақ категориясында Бапантаев Ильяс және 120 келіге дейін салмақ категориясында Казанский Александр атанды. Айта кетерлік, сомдалудан спортшыларымыз Бикузин Тимур мен Кулиев Анатолий «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» атағын және Ломако Константин, Радченко Дмитрий, Бапантаев Ильяс, Сункар Гулмира «Қазақстан Республикасының Спорт Шебері» атағын орындады. Зілтемірді жатып сығымдаудан Бикузин Тимур «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» атағын орындаса, Бапантаев Ильяс «Қазақстан Республикасының Спорт Шебері» атағын орындады. Жарыста ерекше нәтиже көрсеткен, Сункар Гүлмира «Спорт Шебері» атағын орындап қана қоймай, 140 келі зілтемірін көтеріп, Қазақстан Республикасы бойынша жаңа рекорд орнатты. Чемпиондарымыз бен жүлдгерлерімізді және сомдалудан жаттықтырушылар Руденко Евгений Владимировичты және Рыбка Денис Анатольевичты жеңісітерімен құттықтаймыз, алдағы Әлем Чемпионатын бағындырып, еліміздің жалауын көтеруге тілектеспіз!
|