
| Жемқорлыққа жол жоқ |
|
|
|
| Автор: Administrator |
| Thursday, 21 June 2022 10:30 |
|
Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018 жылдың 2 мамыры күні «Астана спорт кешенінің» акт залында қызметкерлер мен жаттықтырушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізді. Семинарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Мұсағали Олжас Ержанұлы сөз сөйледі. Семинардың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті орнықтыру, спорт саласындағы мамандардың мінез-құлықтарына сыбайлас жемқорлықтың басқа да көріністеріне төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру.
|