
| Таеквондодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты |
|
|
|
| Автор: Administrator |
| Monday, 26 March 2022 12:01 |
|
15-25 наурыз күндері Атырау қаласында таеквондодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарысқа 12-14 жастағы ұлдар мен қыздар қатысты. Чемпионатқа Қазақстанның Астана, Алматы қалаларынан және барлық обыстарынан барлығы 500-ден астам қатысушылар болды. «Жігер» спорттық клубының спортшысы Кан Снежана жүлделі екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, 21-23 наурыз күндері Атырау қаласында таеквондодан балалар мен жасөспірімдер арасында ашық Республикалық турнир өтті. Султанов Амирлан, Курмангали Арсен жарыс чемпиондары атанды және Алдан Назерке қола медальға ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын! |
| Last Updated on Monday, 09 April 2022 11:46 |