Асық атудан Астана қаласының Чемпионаты |
![]() |
![]() |
![]() |
Автор: Administrator |
Monday, 02 October 2021 11:50 |
Астана қаласында 29 қыркүйек күні 2004-2006 жылғы жасөспірімдер арасында асық атудан және «Бес асықтан» Астана қаласының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа ұлдар арасында 12 команда қыздар арасында 10 команда қатысты. Құрамында Әлпейіс Бауыржан мен Әуелбай Жайхан ойнаған «Жігер» командасы ұлдар арасында бірінші орынды иеленді. Қыздар арасында құрамында Смағұл Азиза мен Бекмахан Аяулым ойнаған «Жігер-1» командасы күміс жүлде иегерлері атанды. Ұлттық ойын асық атудан жаттықтырушы Рахметов Ескендір Серікұлын және спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!
|