Құрбан айт мерекесі |
![]() |
![]() |
![]() |
Автор: Administrator |
Monday, 04 September 2021 15:23 |
Құрбан айт – барлық мұсылмандардың қасиетті мерекесі. Ол Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталады. Осы жылы Құрбан айт мерекесі 1-3 қыркүйек күндері аралығында тойланады. Құрбан айт мерекесіне орай елорданың «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан», «Садуақас қажы Ғылмани» мешіттері алаңында спорттық жарыстар өткізілді. Жарыстар ересектер мен балалар арасында гір тасын көтеруден, қол күресінен және асық атудан өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубы. Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. |