«Алтын сақа» Республикалық Турнирі |
![]() |
![]() |
![]() |
Автор: Administrator |
Thursday, 08 June 2022 07:42 |
Білім және ғылым Министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Астана қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы бірлесіп, 5-8 сынып оқушылары арасында ұлттық спорт түрі асық атудан «Алтын сақа» Республикалық Турнирін өткізді. Турнир ағымдағы жылдың 4-7 маусым күндері «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығында өтті. Еліміздің 6 аймағынан 9 команда қатысты: Астана, Қарағанды, Тараз қалалары мен Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды және Жамбыл облыстары командалары болды. Жалпы қатысушылар саны 45, оның ішінде Астана қаласынан 9 спортшы қатысты. Рахметов Ескендір Серікұлының жетекшілігімен «Жігер» спорттық клубынан 5 спортшы қатысып, қыздар арасында Қуанова Аружан мен Даниярова Камила жарыс жеңімпаздары атанды. Жалпы командалық есепте бірінші орында «Астана» командасы, екінші орынды Маңғыстау облысы командасы иеленді, қола жүлдеге Ақмола облысы командасы ие болды. |