Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты |
![]() |
![]() |
![]() |
Автор: Administrator |
Wednesday, 07 June 2022 06:18 |
23-25 мамыр күндері Алматы қаласында жеңіл атлетикадан есту қабілеті нашар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстанның 12 облысынан 80-нен астам спортшылар қатысты. Астана қаласының құрама командасы 1 алтын және 3 күміc медальдар жеңіп алып, жалпы командалық есепте 7 орынды иеленді. Умаркул Ұлжан 1500 метрге жүгіруден жеңімпаз атанып, алтын медалға ие болды. Күміс жүлде иегерлері 400 метрге жүгіруден Ахметов Руслан, диск лақтырудан Ергали Гүлжайна және 4*100 метрлік әйелдер эстафетасы, құрамында Баязитова Зарина, Садыкова Айдана, Умаркул Ұлжан және Аяпбергенова Айгерім болды. |