Сомдалудан қала Чемпионаты |
![]() |
![]() |
![]() |
Автор: Administrator |
Monday, 24 December 2021 19:10 |
22-23 желтоқсан күндері Астана қаласы «Алатау» спорт сарайында классикалық сомдалудан және штанганы жатып сығымдаудан Астана қаласының ашық Чемпионаты өтті. Жарысқа 90-ға жуық спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша «Жігер» спорттық клубының спортшылары 6 алтын және 4 күміс жүлдеге ие болды: 1 орын - Сункар Гульмира, Сункар Альфараби, Бопантаев Ильяс, сомдалудан жаттықтырушы Рыбка Денис екі алтын медальды жеңіп алды. 2 орын – Руденко Никита, Аушамов Алмаз, Ломако Константин, Иванов Сергей. Сонымен қатар, 22-23 желтоқсанда тірек-қимыл аппараты зақымдалған мүгедек спортшылар арасында Астана қаласының Чемпионаты өтті. Мүгедектігі бар адамдар арасында 10 спортшы қатысты. Алтын жүлде иегерлері - Ауезова Мария, Ескенов Ербол, Байдаулетов Досжан. Күміс жүлдегерлер - Исмат Нурсултан, Буркитов Бекзат. Барлық спортшыларды жетістіктерімен құттықтаймыз!
|