
| Жекпе-жек сайысынан қалалық турнир |
|
|
|
| Автор: Administrator |
| Friday, 21 December 2021 04:06 |
|
«Динамо» спорт кешенінде 2018 жылы 14-15 желтоқсан күндері жекпе-жек сайысынан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық қалалық турнир өтті. Жарысқа 220-ға жуық спортшылар қатысты. «Жігер» спорттық клубынан 20 спортшы қатысты және келесі спортшылар турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды: І орын – Айткулов Фердаус, Коныс Дулыға, Курманжан Ермахан, Жәкеұлы Ерасыл; ІІ орын – Власенько Иван, Деменьтев Данил, Мамыр Алихан, Кайрат Ильяс, Алдаберген Адиль; ІІІ орын – Ержігіт Мухамеджан, Серікбай Максат, Бердекулов Диас, Касенов Мади, Отеген Ерканат. Спортшыларымызды құттықтаймыз! |