«AKTAU OPEN-2018» арбада билеуден ашық Республикалық Кубогы |
![]() |
![]() |
![]() |
Автор: Administrator |
Tuesday, 04 September 2021 04:22 |
2018 жылы 28-30 тамыз күндері Ақтау қаласының «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде арбада билеуден «AKTAU OPEN-2018» ашық Республикалық Кубогы өтті. Жарысқа Қазақстанның жеті аймағынан спортшылар келіп қатысты. Турнирде елорда намысын қорғаған 10 спортшы, үздік нәтижелерге қол жеткізді. DUO STANDART CLASS 1 номинациясы бойынша Оторбаев Ардак пен Тынабекова Карлыгаш жұбы чемпион атанды, Абуов Курбанали мен Алиева Севда жұбы DUO STANDART CLASS 2 номинациясынан екінші орынды және DUO FREESTYLE CLASS 2 номинациясынан үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, жекелей билеуде Тынабекова Карлыгаш SINGLE WOMAN CLASS 1 және WOMAN FREESTYLE CLASS 1 номинацияларынан екі алтын медаль жеңіп алды. Турашев Омар SINGLE MAN CLASS 2 және FREESTYLE MAN CLASS 2 номинациялары бойынша жекелей билеуде қола медальдарға ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын! |