Сомдалудан Астана қаласының Чемпионаты Print
Автор: Administrator   
Monday, 29 May 2017 11:44

2017 жылы 27-28 мамыр күндері Астана қаласының «Алатау» спорт сарайында сомдалудан және штанганы жатып сығымдаудан Астана қаласының Чемпионаты өтті. Қарағанды, Қостанай, Өскемен және Степногорск қалаларынан 70-тен астам спортшы қатысты. «Жігер» спорттық клубынан сомдалудан жаттықтырушы Руденко Евгении Владимировичтің жетекшілігімен 10 спортшы қатысты. Чемпионаттың алтын медальдарын Салмен Азат, Дурманов Тұрлыбек, Перан Александр, Сункар Альфараби, Ершов Николай, Жургумбеков Рустем және Миломанова Любовь жеңіп алды. Салимбаев Ерлан, Вайров Роман және Казанский Александр жарыстың қола жүлдегерлері атанды. 

29.05.2017_1_1.jpg

29.05.2017_1_2.jpg

29.05.2017_1_3.jpg

29.05.2017_1_4.jpg

29.05.2017_1_5.jpg