banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

Жеңіл атлетикадан 12 медаль жеңіп алды PDF Print E-mail
Автор: Administrator   
Monday, 18 September 2017 09:43

Атырау қаласында Қазақстан Республикасының тірек-қимыл аппараты зақымданған (ТҚАЗ) және көру мүшелері зақымданған мүгедек-спортшылар арасында Спартакиада өтуде. Жеңіл атлетикадан «Жігер» спорттық клубынан 6 спортшы қатысуда. Спартакиаданың 3 күнінің нәтижесі бойынша жеңіл атлетика спортшылары 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медальдар жеңіп алды. Тірек-қимыл аппараты зақымданған (ТҚАЗ) мүгедек-спортшылар арасында ядро лақтырудан Санатов Бакдаулет пен Каликова Елена алтын жүлдегерлер атанды, Гольштейн Екатерина, Духайло Валентин екінші орын иегерлері және қола жүлде иегері Аушамов Серікбай. Диск лақтырудан Санатов Бакдаулет  пен Каликова Елена жеңімпаз атанды, Гольштейн Екатерина күміс жүлде иегері және Аушманов Серікбай мен Духайло Валентин Спартакиаданың қола жүлдегерлері атанды. Жарыстың тағы бір жүлдегері Болат Бейбарыс 100 метр қашықтықта жүгіруден күміс және 200 метрге жүгіруден қола жүлдегері атанды.

18.09.2017_1_1.jpg

18.09.2017_1_2.jpg

18.09.2017_1_3.jpg

18.09.2017_1_4.jpg

18.09.2017_1_5.jpg

 

sport

facebook.pnginsta.png

 

  noc kz