banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды PDF Print E-mail
Автор: Administrator   
Monday, 25 February 2013 13:51

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінде әлемТөртінші өнеркәсіптік революциядәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағытерең және қарқынды өзгерістер кезеңінеқадам басып келеді.

Жаңа технологиялық қалыпбіздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтініміздітүбегейлі өзгертуде.

Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп,«Қазақстан-2050» даму стратегиясынқабылдадық.

Алдымызғаозық дамыған отыз елдіңқатарына кіру мақсатын қойдық.

100 нақты қадам – Ұлт жоспарыжүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.

Өткен жылыҚазақстанның Үшінші жаңғыруыбастау алды.

Индустрияландыру бағдарламасытабысты іске асуда.

«Цифрлық Қазақстан»кешенді бағдарламасы қабылданды.

Қазақстан Республикасының2025 жылға дейінгідамуының кешендістратегиялық жоспарыжасалды.

Біздіңұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді.

Қажетті бағдарламалардың барлығы бар.

Бұл Жолдаужаңа әлемге, яғниТөртінші өнеркәсіптік революцияәлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшінне істеу қажеттігін айқындайды.

Құрметті отандастар!

Біз әлем елдерініңсенімі мен құрметіне бөленіп,брендке айналғантәуелсіз Қазақстанды құрдық.

2017 жылы біздің елБҰҰ Қауіпсіздік Кеңесініңтұрақты емес мүшесі болды.

2018 жылдың қаңтар айында оғантөрағалықетудеміз.

Біз дүниежүзілікЭКСПО мамандандырылған көрмесінөткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық.

Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқаннарықтық экономика моделіқалыптасты.

2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп,сенімді өсу жолынақайта түсті.

Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі4 процентболып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі7 проценттенасты.

Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлеміндеөңдеуші сектордыңүлесі40 проценттенасып түсті.Қазақстанның қолайлы дамуыорта таптыңқалыптасуына мүмкіндік берді.Кедейшілік13 есеқысқарып, жұмыссыздық деңгейі4,9 проценткедейін төмендеді.Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздіңбасты құндылықтарымызретінде қала беретіназаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім.Дегенмен, Қазақстанның жетістіктерісенімді тірексаналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздыңкепілі емес екенінжақсы сезінуіміз керек.«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізгедамудың жаңа сапасықажет.Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте,Төртінші өнеркәсіптік революцияэлементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс.

Мұның өзіндіксын-қатерлері де,мүмкіндіктері дебар.Жаңа әлем көшбасшыларыныңқатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін.Бұл үшінмынадай міндеттердішешуге жұмылуымыз керек. 

БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

Оның нәтижелері мұнай бағасы күрт төмендеген 2014-2015 жылдардағы дағдарыста негізгітұрақтандырушы факторлардыңбірі болды.Сол себепті жоғары еңбек өнімділігі барқайта өңдеу секторынадеген бағдарымыз өзгерген жоқ.Сонымен қатар индустрияландыру4.0жаңатехнологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқаие болуға тиіс.

Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтінжаңа құралдардыәзірлеп, сыннан өткізу қажет.Бұлар, бірінші кезекте,технологиялардың трансфертінынталандыруға тиіс.Еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнынцифрландыружөніндегіпилоттық жобаныіске асырып, бұл тәжірибенікеңінен таратукерек.Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдердіәзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуыаса маңызды мәселеге айналып келеді.Ол біздің Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқтыинновациялық орталықтардыңтөңірегінде қалыптасуға тиіс.«Алатау» инновациялық технологиялар паркініңқызметін ұйымдастыруды түбегейлі қайта қарау қажет.Нақты сектордың жаңа технологияларға дегенсұранысты ынталандыруыжәневенчурлық қаржыландырудың жеке нарығыныңқызметі инновациялық экожүйе жетістіктерінің негізгі факторлары болып саналады.Бұл үшін тиістізаңнамақажет.Бұдан бөлек, ITжәне инжинирингтік қызмет көрсетудідамыту ерекше маңызға ие болып отыр.Экономиканы цифрландыру табыс әкелгенімен,жұмыс күшінің көптеп босап қалуқаупін де тудырады.Босайтын жұмыс күшінеңбекпен қамту үшін келісілген саясатты алдын ала тиянақтаукерек.

Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларынжаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болады.

2018 жылы«цифрлық дәуір»өнеркәсібін қалыптастыруға арналғаниндустрияландырудың үшінші бесжылдығынәзірлеуге кірісу керек.

ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

ХХІ ғасырда әлемніңтабиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысындаерекше маңызғаие болады.

Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдардысыни тұрғыдан қайта пысықтаукерек.

Кешендіақпараттық-технологиялық платформалардыбелсенді түрде енгізу қажет.

Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарыныңэкологиялық тазалығымен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек.

Астанада өткенЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия саласындағы дамудыңқаншалықты қарқынды екенін көрсетті.

Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясыныңтөрттен бірі жаңартылатын энергия көздерінетиесілі.

Болжам бойынша,2050 жылға қарайбұл көрсеткіш80 проценткежетеді.Біз2030 жылға қарайҚазақстандағыбаламалы энергияүлесін30 проценткежеткізу міндетін қойдық. Қазір бізде жалпы қуаттылығы336 МВтболатынжаңартылатын энергия көздерінің 55 нысаныжұмыс істейді. Соларда 2017 жылы1,1 миллиард киловатт-сағат«жасыл» энергия өндірілді.

«Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңызды.Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып,тұрмыстық қаттықалдықтардызаман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек.

Осы және басқа да шаралар заңнамаға, соның ішіндеЭкологиялық кодекскеөзгерістер енгізуді талап етеді. 

ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

Аграрлық саясатеңбек өнімділігінтүбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортынұлғайтуға бағытталуы керек.Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік.Оны мақтан тұтамыз. Алайда, қазір ол жеткіліксіз.Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет.Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды.Аграрлық ғылымды дамытумәселесі басты назарда болуға тиіс.Ол ең алдыменжаңа технологияларды трансферттеуменжәне оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет. Осыған орайаграрлық университеттердіңрөлін қайта қарау керек.Олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс.Бұл жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларынжаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегіозық білімменүздік тәжірибені тарататын орталықтарғаайналу талап етіледі.

Мысалы, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудіңинтеллектуалды жүйелеріарқылыөнімділікті бірнеше есе арттыруғаболады.

Жүргізушісі жоқ техникаадами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу,агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттырушаруашылықтардыкооперациялау қажеттігінкүшейтеді.Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуінежан-жақты қолдау көрсетукерек.Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімдіхалықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып,ілгерілетуге тиіс.Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімніңсапасы мен экологиялық тазалығынсақтай отырып жүргізілуі қажет.Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендінқалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керек.Тиімсіз субсидиялардыауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналғанбанк несиелерін арзандатуға қайта бағыттауқажет.5 жыл ішіндеагроөнеркәсіп кешеніндегіеңбек өнімділігінжәнеөңделген ауыл шаруашылығыөнімінің экспортын,тиісінше, кем дегенде2,5 есеге арттыруды тапсырамын.

ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

Бүгінде Қазақстан арқылыбірнеше трансконтиненталды коридорөтеді.Бұл туралы көп айтылды.Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы17 проценткеөсіп,17 миллион тоннаға жуықтады.Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы5 миллиард долларғажеткізу міндеті тұр.Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді.

Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардыңкедергісіз тасымалдануы үшінжәне кедендік операцияларды жеңілдету мақсатыменблокчейнсияқтыцифрлық технологиялардыңауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет.

Заманауи шешімдер логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Үлкен деректерді»(Big data) пайдалану сапалы талдауды қамтамасыз етуге,өсімнің резервінанықтауға жәнеартық шығындыазайтуға жағдай туғызады.Осы мақсаттар үшінИнтеллектуалды көлік жүйесіненгізу қажет.Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға жәнеинфрақұрылымды одан әрі дамытуқажеттігін анықтауға жол ашады.Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшінавтожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналғанқаржы көлемін көбейту керек.Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет.Бұл жұмысқаөңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуынқамтамасыз ету керек. 

БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлеміжылына 10 миллион шаршы метрденасты.

Тұрғын үйдікөпшілікке қолжетімдіеткен тұрғын үй жинақтау жүйесітиімді жұмыс істеуде.Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда30 проценткеөсіп, бүгінде21,6 шаршы метрдіқұрады.

Бұл көрсеткішті2030 жылы 30 шаршы метргедейін жеткізу керек.Осы міндетті орындау барысында құрылыс салудыңжаңа әдістерін, заманауи материалдарды,сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағандамүлде басқа тәсілдердіқолдану керек.

Ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігінежоғары талап қою қажет.Салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандардыинтеллектуалды басқару жүйелеріменжабдықтау керек.Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды қысқартып, табиғи монополистерді тиімді жұмысқа ынталандырады.Заңнамаға,соның ішінде табиғи монополиялар саласын реттейтін заңдарғатиісті өзгерістеренгізу қажет.Әкімдер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдірумәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуі керек.Ауылдықелді мекендердісапалы ауызсуменқамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде100 миллиард теңгеқарастыруы қажет. 

АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

Банктік портфельдерді«нашар» несиеден арылтуісін аяқтау қажет.Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып,экономикалық жауапкершілікалуға тиіс.Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс.Ұлттық Банк мұндай істерге немқұрайлы қарамау керек.Әйтпесе, мұндай мемлекеттік органның не керегі бар?Ұлттық Банк тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалауқатаң, уақтылы әрі нәтижеліболуға тиіс.Мемлекетқарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауғаодан әрікепілдікбереді.

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңқабылдауды тездету қажет.Сонымен қатар2016 жылдың 1 қаңтарына дейінхалыққа берілгенвалюталық ипотекалық займдар жөніндегі мәселеніҰлттық Банкке толығыменшешуді тапсырамын.Сол күннен бастап аталған валюталық займдарды жеке тұлғаларға беруге заң жүзінде тыйым салынған болатын.Ұлттық Банк пен Үкімет экономика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставкалармен бизнескеұзақ мерзімді несиелендірудіқамтамасыз ету мәселесін бірлесіп шешуге тиіс.Инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруы және қор нарығының дамуымаңызды болып саналады.Бұл – жұмысын бастаған«Астана» халықаралық қаржы орталығыныңнегізгі міндеттерінің бірі.Ол халықаралық озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технологияларын қолданатынөңірлік хабқаайналуға тиіс.«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ұлттық компанияларының акцияларынIPO-ғатабысты түрде шығару қор нарығын дамытуға септігін тигізеді.

 ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.

Білім берудің жаңа сапасы.

Барлық жастағы азаматтарды қамтитынбілім беру ісінде өзіміздің озық жүйеміздіқұруды жеделдету қажет.

Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығыөзгерістерге үнемі бейім болужәнежаңа білімді меңгеру қабілетіндамыту болуға тиіс.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қараймектепке дейінгі білім беру ісіндебалалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатынбағдарламалардың бірыңғай стандарттарыненгізу қажет.Орта білім беру саласындажаңартылған мазмұнға көшубасталды, ол2021 жылыаяқталатын болады.Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарынқайта қарау керек болады.Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет.Білім берудің барлық деңгейіндематематика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейтукерек.Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты.Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептеріндежан басына қатысты қаржыландыруенгізілетін болады.Біздегіоқушылардың жүктемесіТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, онытөмендетукерек.Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары барбалалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісінқұру керек.Бұл жас ұрпақтығылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортағаұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.Қазақстандықтардың болашағы –қазақ, орыс жәнеағылшын тілдерінеркін меңгеруінде.Орыс тілді мектептер үшінқазақ тіліноқытудыңжаңа әдістемесіәзірленіп, енгізілуде.Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оныжөнсіз терминологияменқиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан7 мың терминқазақ тіліне аударылған.Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді.Мысалы,«ғаламтор»(Интернет),«қолтырауын»(крокодил),«күйсандық»(фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр.Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынанқазақ тілін халықаралық деңгейге жақындатукерек.Латын әліпбиінекөшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді.2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудіңнақты кестесінжасау қажет.Орыс тілін білумаңыздыболып қала береді.2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде1-сыныптанбастап оқытылып келеді.2019 жылдан10-11-сыныптардағыжаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретінболады.Сонда ғана нағыз азаматтық қоғамқұрылады.Кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіптіПрезидент болып сайлануғада мүмкіндігі болады.Қазақстандықтарбіртұтас ұлтқаайналады.Оқытудың мазмұндылығы заманауитехникалық тұрғыдан қолдау көрсетуарқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс.Цифрлық білім беру ресурстарындамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет.Жұмыс берушілердітарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып,техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларынжаңарту керек.«Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру»жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.Мемлекет жастарғаалғашқы мамандықтыбереді.Үкіметбұл міндетті орындауғатиіс.Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларыныңвидеосабақтары мен видеолекцияларынИнтернетте орналастыру керек.

Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарынаозық білім мен құзыреттіліккеқол жеткізуге жол ашады.

Жоғары білім беру ісіндежасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек.

Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретінжоғары оқу орны ғылымындамыту керек.

Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі.

Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларыменбірлескен жобалардыбелсенді түрде жүзеге асыруы қажет.Жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуыбарлық қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті талап болуға тиіс.Жас ғалымдарымызғағылыми гранттар аясында квота бөліп,оларды қолдаудыңжүйелі саясатын жүргізуіміз керек.Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті барэкономиканың жеке саласыретінде қарайтын кез келді.Жоғары оқу орындарынабілім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардыңакадемиялық еркіндігінзаңнамалық тұрғыдан бекіту керек.Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет.Ұлттың әлеуетін арттыру үшінмәдениетіміз бен идеологиямыздыодан әрі дамытуымыз керек.«Рухани жаңғырудың»мән-маңызы да нақ осында.

Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасыбар қазақстандықбіздің қоғамымыздың идеалынаайналуға тиіс. 

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.

Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.

Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуғатиіс.Саламатты өмір салтыннасихаттай отырып,қоғамдық денсаулықты басқару ісінкүшейту керек.Жастардың репродуктивті денсаулығынқорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек.Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгісозылмалы ауруларғаалыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет.Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан бар.Оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керек.Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспарқабылдап,ғылыми онкологиялық орталыққұру қажет.

Халықаралық озық тәжірибе негізіндеауруды ерте диагностикалаудыңжәнеқатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігіқамтамасыз етілуге тиіс.

Біз кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресу кезінде атқарған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек.Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделгенМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыружүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады.Оны енгізудің қажеттілігіешқандай күмән туғызбайды.Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмағандайындық жұмыстарынтыңғылықты жүргізу талап етіледі.Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып,Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделінәзірлеу қажет.Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады.Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектіңқолжетімділігі мен тиімділігінарттыру қажет.Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратынгенетикалық талдауменжасанды интеллекттехнологияларын енгізуге кірісуіміз керек.Медициналық кадрларменқамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады.Бүгінде біздеНазарбаев УниверситетініңбірегейМедицина мектебібар. Онда біріктірілген университет клиникасы жұмыс істейді.Бұл тәжірибе барлық медициналық жоғары оқу орындарына таратылуға тиіс.Осы және басқа да шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясынәзірлеу қажет.

Сапалыжұмыспенқамтужәнеәлеуметтікқамсыздандырудыңәділеттіжүйесі.

Еңбекнарығыныңтиімділігінқамтамасызетіп, әрбірадамныңөзәлеуетініскеасыраалуыүшінжағдайжасаудыңмаңызызор.

Барлықнегізгімамандықбойыншазаманауистандарттарәзірлеуқажет.Бұлстандарттардажұмысберушілерменбизнесмендереңбеккерлердіңбілімі, қабілетіменқұзыретініңқандайболуықажеттігіннақтыбелгілейді.Кәсібистандарттардыңталаптарынескеріп,білімберудіңжаңабағдарламаларынәзірлеуқажетнемесеқазіргібағдарламалардыжаңартукерек.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарэкономикалық өсімнің резерві саналады.Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, атүсті қарап отырды.Адамдарды нәтижелі жұмысқа тартуүшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек.«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық.Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасыаясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісінмейліншежеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет.Қазақстандықтардыңжаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс.Бірыңғайэлектрондық еңбек биржасынкең ауқымда енгізу қажет. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталуға тиіс.Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп,өзін қызықтыратын жұмыстаба алатын болады.Еңбек кітапшаларында электрондық форматқа көшірген жөн.Электрондық еңбек биржасы туралы заңды2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдау қажет.

Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тартуарқылы жүзеге асырылатын болады.

Қазірзейнетақы жүйесітолықтайеңбек өтілінебайланыстырылған.Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады.Осыған орай, барша қазақстандықтарөздерінің атқаратын жұмыстарын заңдастыруғазор мән беруі керек.Әлеуметтік сақтандыружүйесінде де еңбек өтілі мен өтемақы мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады.Біз 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобынаатаулы әлеуметтік көмеккөрсетудің жаңа тәртібіне көштік.Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 процентінен50 процентіне дейінкөтерілді.Еңбекке қабілеттіәлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек олар жұмыспен қамту шараларынақатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады.Еңбекке қабілетсізазаматтарғамемлекеттік қолдау көрсету шаралары күшейтіледі.

 

Қымбатты қазақстандықтар!

Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды.

2016-2017 жылдарызейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенінеске салғым келеді.Базалық зейнетақы, жалпы алғанда,29 процентке, ынтымақты зейнетақы32 процентке, бала тууға байланысты жәрдемақы37 процентке, ал мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақының әрқайсысы43 проценткеөсті.Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердіңжалақысы 28 процентке дейін, білім беру саласы қызметкерлерініңжалақысы 29 процентке дейін, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің жалақысы 40 процентке дейін, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердіңжалақысы 30 процентке, стипендиялар25 проценткеөсті.Дағдарыс заманы. Әйтсе де, әлемнің санаулы ғана елдеріәлеуметтік салаға жұмсайтын шығындарын осылай арттыра алды.Республикалық бюджеттіңәлеуметтік салағабөлінген шығыны 2018 жылы12 проценткеөсіп,4,1 триллион теңгеденасты.Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру3 миллионнан астамқазақстандықтың табыстарын көбейтеді.2018 жылдың 1 қаңтарынан бастапынтымақты зейнетақы 8 проценткеартты.Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналғанжәрдемақылар 16 проценткедейін өсті.2018 жылдың 1 шілдесінен бастапбазалық зейнетақы еңбек өтілінебайланысты орташа алғанда1,8 есекөбейетін болады.Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастапкәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарүшін қосымшамемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын.Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен14 мың отбасы ай сайын алады.2018 жылы осы мақсатқа3 миллиард теңгеге дейінқаржы қажет болады.Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудіңжаңартылған мазмұнынакөшкенұстаздардың лауазымдық жалақысын2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап30 процентке көбейтуді тапсырамын.Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткензаманауи оқу бағдарламалары.Бұлар біздің балаларымызға қажеттіфункционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетіндарытады.Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын.Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тестарқылы беру керек.Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады.Нәтижесінде,мұғалімдердің жалақысыбіліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейінөседі.Бұл үшін биыл қосымша67 миллиард теңгебөлу қажет. 

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.

Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардыңшығындарын қысқартуға байланыстыжұмыстарды жалғастыру қажет.

Осыған орайбизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуғабағытталған заңқабылдауды жылдамдату керек.

«Бір терезе»қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуүдерістерін цифрландырудықамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы«бір өтініш»қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.Сонымен қатартабиғи монополия субъектілерікөрсететін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек.Олар үшін және энергия өндірушілер үшін инвестициялық бағдарламаларын ескеріп, негізделген тарифтерді белгілеу маңызды.

Бизнес-климатты жақсарту үшінбатыл іс-қимыл талап етіледі, әсіресе өңірлік деңгейде.Үкімет бизнесті көлеңкеден шығарып, оны қолдауға бағытталғанжүйелі шаралардың жаңа пакетіндайындауға тиіс.

Мемлекеттік органдарғабағынышты ұйымдардыңсанын қысқарту есебіненжекешелендіру жоспарынкеңейте отырып, оны іске асыруды жеделдету қажет.Әкімшілік шығындарды азайту үшін ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдарды мүмкіндігінше біріктірукерек.

Босаған қаражаттымемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесіненгізуге бағыттау қажет.Бұл орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілержалақысының диспропорциясын қысқартады, сондай-ақ жұмыстың сипаты мен тиімділігі ескерілетін болады.Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, 2018 жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда осы жүйені енгізудіңпилоттық жобаларыніске асырудытапсырамын. Өңірлердегі мемлекеттік қызметтіңтиімділік әлеуетінолардың экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін арттыру арқылымейлінше толық ашу керек.Жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын теңестіруденжеке табыстарының өсімін ынталандыруғабағытталуға тиіс.Атап айтқанда, бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырғансырттан келушілер туризмі мен ішкі туризмкез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады.Үкімет виза мәселелерін жеңілдетуді, инфрақұрылымды дамытуды жәнетуризмсаласындағы кедергілерді алып тастауды қамтитынкешенді шараларқабылдауы керек.

Фискальды орталықсыздандыруаясында шағын және орта бизнестен түсетінкорпоративті табыс салығынөңірлік бюджеттерге беру мәселесін шешу керек.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап2 мыңнан астам адам тұратынаудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудыңдербес бюджеті мен коммуналдық меншігіненгізу заң жүзінде белгіленген.

2020 жылдан бастап бұл нормаларбарлық елді мекендердекүшіне енеді.Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің7 түрі, сондай-ақшығындардың 19 бағытыауыл бюджетіне берілді.Бұл жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшінхалықты тартуғамүмкіндік береді.Сонымен қатар мемлекеттік органдарнақты уақытжәнежедел жауап берурежімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауицифрлық технологиялардықолдануға тиіс.Мемлекет пен компаниялар жаңа технологияларды енгізе отырып, өзақпараттық жүйелері мен құрылғыларының берік қорғалуынқамтамасыз етуі керек. Бүгінде киберқауіпсіздікұғымы тек ақпаратты ғана емес, сонымен қатарөндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды басқару тетігін қорғау дегендіде білдіреді.Осы және өзге де шаралар ҚазақстанныңҰлттық қауіпсіздік стратегиясындакөрініс табуға тиіс. 

ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Жемқорлықтыңалдын алуға бағытталған күресжалғаса береді.

Көп жұмыс істеліп жатыр.Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адамсотталды.Осы уақыт ішінде олардың17 миллиард теңгекөлемінде келтірген залалы өтелді.Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасынцифрландырумаңызды болып саналады.Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда.Заңнамаға қылмыстық процестегіазаматтардың құқықтарын қорғауісін күшейтуді,оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетудікөздейтін нормалар енгізілді. Адвокаттардың құқықтарыменсотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауыныңаясы кеңейді.Құқық қорғау органдарыныңөкілеттігіменжауапкершілік шегіайқындалды. Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтаужәне қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтынинтеллектуалды жүйелердібелсенді түрде енгізу керек. 

ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

2018 жыл – елордамызАстананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы –баршамыздың ортақ мақтанышымыз.Заманауи технологияларжылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады.«Смарт Сити» тұжырымдамасымен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.Әлемдеинвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседідеген түсінік қалыптасты.Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды.Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде«Смарт Сити» «эталонды» стандартынқалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек. «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудыңлокомотивтерінеайналады.

Міне, алдымыздатұрған 10 міндетосы. Бұлар – түсінікті әрі айқын.

Қымбатты қазақстандықтар!

Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасындаэкономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуғакірістік.

Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудыңжаңа кезеңінетың серпін берілді.

Конституциялық реформабилік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түсті.

Бізұлттық сананыжаңарту үдерісін бастадық.

Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруыныңжүйелі үш тұғырыболып саналады.

Біз жаңа заманға сай болу үшінТөртінші өнеркәсіптік революцияжағдайындағытарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.

 

 

Last Updated on Monday, 20 August 2018 05:16
 

ENPF.jpg

 

  noc kz