banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

Құрметті қазақстандықтар 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! PDF Print Email
Written by   
Thursday, 04 June 2020 14:01

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.

         Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер- Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран. Елтаңбаның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Тудың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Әнұранның сөзін Қазақстан Республикасының әр азаматы жатқа білуі тиіс. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша, 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әнін жазған – композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар – Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов.

20200604__1.jpg

20200604__2.jpg

20200604__3.jpg

 

 

www.astana.kz.jpg   noc kz 2020ГодВолКаз.jpg