banner9.png

In order to view this object you need Flash Player 9+ support!

Get Adobe Flash player
Joomla! Slideshow

Жастар жылына арналған «Бурабай-2019» Республикалық жартасты Фестивалі өтті PDF Print Email
Written by   
Tuesday, 18 June 2022 09:43

Ағымдағы жылдың 15-16 маусым күндері Ақмола облысы Бурабай курортында құзға өрмелеу спортынан Қазақстан Республикасының Жастар жылы аясында «Бурабай-2019» Республикалық жартасты Фестивалі өтті. Жарыс кәсіпқой спортшылар мен әуесқой спортшылар арасында өткізілді сонымен қатар әуесқойлар арасында «Жігер» спорттық клубының қызметкерлері де қатысты. Қатысушылар арасында 15 маусым күні “Big wall speed competition” байланыс дистанциясы бойынша жарыстар өткізілді. Жарыстар қорытындысы бойынша әйелдер арасында (ересектер) 2 орын – Федорова Кира, Быстрицкая Мария, юниорлар арасында 1 орын – Абдрахманова Асель, Светлакова Дарья және ерлер арасында (юниорлар) 1 орын – Сагынтай Мейрман, Шокимов Ануар.

16 маусымда күрделі емес жартас бедері бойынша «Оқжетпес» жартасына бұқаралық шыңды бағындыру өтті. Жастар жылы аясында өткізілген бұқаралық жартасты «Жігер» спорттық клубының қызметкерлері бағындырды. Қатысушылар арнайы каскаларда, байламдарда және сақтандырғыш арқандармен көтерілді және ілінген сүйеніштер бойынша көтерілген жол бойынша түсті. Барлық қатысушылар арнайы медальдармен және сертификаттермен марапатталды.

 

 

 

   noc kz